Үшінші мегаполисте жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі

0
321

Орталық көшелерге күнделікті, көпқабатты тұрғын үй аулаларына аптасына 2 реттен тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.


Үшінші мегаполисте жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі

Шымкент қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында жыл басынан бері 35 920 көп жылдық және бір жылдық гүлдер егілді. Негізгі көшелердің бойындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлінген. «Build stroi» ЖШС мердігер мекемесі тарабынан секторларды кестеге сәйкес тазалап отырады.
Негізгі орталық көшелерге күнделікті, көпқабатты тұрғын үй аулаларына аптасына 2 реттен тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тазалық жұмыстары аудан әкімінің бақылауына алынып, мамандар тарапынан жүйелі түрде қадағалануда.