"Үздік оқырман" сайысына қатысып, 150 000 теңге ұтып ал!

0
4 201

Тестте адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы сұрақтар қойылады. Әрі үздік ондықтағы қатысушыларға қаржылай сыйлық табысталады.


Шымкентте «Үздік оқырман» бәйгесіне қатысып, 15000 теңге ұтып ал!, деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық орталық мешіттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық орталық мешіт өкілдігі, «DARIYA» дамыту орталығының бірлесіп ұйымдаструымен өтетін сайыс «Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбардың өмірі» атты кітаптан құралған тест сұрақтары негізінде өтеді.

Әрбір қатысушы емтиханға қатысу үшін 10 қарашаға дейін тіркеуден өтуі қажет. Тесттік сынақ 18 қарашада Шымкент қаласында болады.

Сынаққа қатысу үшін әуелі «DARIYA» дамыту орталығынан аталған кітапты сатып алып, еңбекті толық оқып шығуы шарт. Әрі, сондағы сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс.

Жарыста алғашқы үздік ондыққа қаржылай сыйлықтар беріледі.

Толығырақ мәліметті shymkent-islam.kz сайтынан ала аласыздар.