«Visit-shymkent.kz» туристік ақпараттық порталы іске қосылды

0
1 956

Бұл қосымшалар салалық туризм мен туристік қызметтері туралы да ақпарат алуға мүмкіндік береді.


«Visit-shymkent.kz» туристік ақпараттық порталы іске қосылды

Шымкентте туристер мен қонақтарға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін «visit-shymkent.kz» туристік ақпараттық порталы мен «visitshymkent» мобильдік қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада өтетін мерекелік іс-шаралар мен туристік нысандарға билетті броньдау арқылы сатып алуға болады.
Бұл қосымшалар салалық туризм мен туристік қызметтер, экскурсиялар мен турлар, шоппинг, қонақ үйлер, әуе және теміржол билеттері, кәдесый өнімдері, мәдениет пен өнер туралы да ақпарат алуға мүмкіндік береді.