Яндекс.Карталарда Шымкенттегі велосипед бағыттары пайда болды

0
1 196

Бұл веложолдар – саябақтар және көлік аз жүретін аумақтардан өтеді.


Яндекс.Карталарда Шымкенттегі велосипед бағыттары пайда болды

Шымкент тұрғындары енді «Яндекс.Карта» арқылы велосипедпен серуендеуді жоспарлай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Сервис қажет нүктеге велосипедпен қалай жетуге болатынын және жолға кететін уақытты есептеп көрсетеді. Ал, бағдар құру үшін веб-сайтты немесе iOS пен Android-қа арналған қосымшаны пайдалануға болады.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі: «Яндекс.Карталар велосипедпен жүру үшін қолайлы жолдар бойынша бағыттар береді. Бұл веложолдар – саябақтар және көлік аз жүретін аумақтардан өтеді», - дейді.

Мысал ретінде:

Айта кетейік, дәл осындай мүмкіндікті Алматы қаласының тұрғындары да пайдалана алады.