"Зайырлы ел - қайырлы ел": Шымкентте жастармен кездесу өткізілді

0
370

Аталған іс шараның мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстанып спортқа баулу.


Шымкент қаласында "Зайырлы ел - қайырлы ел" тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің маманы және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Ушу Кунг-фу бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған іс шараның мақсаты - жастарды өз елінің намысты нар тұлғалы, қырағы болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай алдын-алып, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып спортқа баулу.