“Заңсыз құрылыстарға жол берілмеу керек” - Әйтенов

0
424

Қала аумағында орналасқан заңсыз құрылыстарды бұзу туралы жолданған талап арыздар бойынша сот шешіміне сәйкес, 8 заңсыз құрылыс нысан бұзылды.


“Заңсыз құрылыстарға жол берілмеу керек” - Әйтенов

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма тарапынан жыл басынан бері 48 құрылыс нысанына қатысты тексеру тағайындалып, 139 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.
Басқарма басшысының айтуынша, 20 техникалық қадағалаушы, 2 авторлық қадағалаушы, 2 жобалау сарапшы және 1 техникалық қадағалаушы мекеме жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша 25 субъектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.
Басқарма тарапынан қаладағы негізгі үш басқармамен (құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомоиль жолдары) бірлесе нысан аралау бойынша жұмыстар жүргізіліп, тапсырыс берушілерге кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар жолдануда. Қала аумағында орналасқан заңсыз құрылыстарды бұзу туралы жолданған талап арыздар бойынша сот шешіміне сәйкес, 8 заңсыз құрылыс нысан бұзылды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер телімі иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, мемлекет меншігіне өз еркімен жалпы алаңы 303,3385 га 6 жер учаскесі қайтарылған.
Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 4 аудан тарапынан алаңы 3569,79 га 305 жер учаскесіне шара қолдану туралы хаттар қаралуда.
Қала әкімі заңсыз құрылыстарға жол берілмеуі керектігін айтты. Құрылыс саласындағы заңсыздық сапаға тікелей ықпал ететінін ескертіп, заң нормативтерінің сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.