"Жағдай өте ауыр" - Шымкенттің бас дәрігері дабыл қақты

0
1 302

Науқастардың басым көпшілігі жастар.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандардың басым көпшілігі жастар болып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов шаһар тұрғындарына видео-үндеу жасап, дабыл қақты.

Видеода науқастардың ауыр жағдайда жатқанын байқауға болады.



Басқарма басшысы Асар мөлтек ауданындағы инфекциялық ауруханада жағдайдың өте нашар екенін жеткізді. Сонымен қоса науқастардың басым көпшілігі 25-40 аралығындағы жастар екенін айтып дабыл қақты. Инфекциялық аурухананың реанимация бөлімшесіндегі науқастардың өте ауыр жағдайда екенін айтты.

"Осы ретте барлықтарыңызды өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпей ертерек коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырамын", - деді Бақытжан Позилов өзінің видео-үндеуінде.