ШЫМКЕНТ: Жақсылықты ұмытпаған ұрпақтар

0
1 553

Шымкентте Кеңес дәуірінде елімізге күштеп қоныс аударған этнос өкілдері өздерінің ата-бабаларына пана берген азаматтардың шаңырақтарына барды.


ШЫМКЕНТ: Жақсылықты ұмытпаған ұрпақтар

Шымкент қаласында саяси депортация қасіретін бастан өткізген этнос өкілдерінің бүгінгі буыны, қиын-қыстау жылдары ата-бабаларына пана болып, қолдау көрсеткен қазақтардың бүгінгі ұрпағы тұратын үйге қонаққа барып, алғыс білдірді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ХХ ғасырдың солақай саясаты кезеңінде Қазақстан аумағына 5,6 миллион адам күштеп қоныс аударылған болатын. Сол жылдары Шымкент қаласының тұрғыны Ахметбай деген кісі Түрік ұлтының Османовтар әулиетін өз бауырына басып, үзім нанын бөлісіп, пана берген.


"Біздің ата-бабаларымызды Қызылсай станциясына товарный пойызымен алып келген. Онда жүк алуға, тамақ алуға да ешқандай да мүмкіндік болмаған. Сөйтіп ата-бабаларымызды Ахметбай атамыз арбамен барып, Қайтпас елдімекеніне әкеліп, өз бауырына басқан болатын. Ата-бабаларымыздың айтуынша бала-шағаларынан бөлместен бізге нанын, сүтін, етін беріп, аман алып қалған. Осы күнге дейін жақсы өмір сүріп келе жатырмыз",- дейді Орынбек Османов.


"Ата-бабаларымыз соғыстың зардабын тартып отырған кезеңде, қиын ауыртпалық жағдайға қарамастан қанаттарының астына алып, барын бөлісіп, өздері қысылып-қымтырылып отырған баспаналарына қарамастан қоржын тамдарынан пана берген. Сол панада қыстатып шығып, 5-6 жылдар бойы бірге өмір сүріп, кейінен еншісін бөліп беріп, біріне қойын берсе, біріне бұзауын, мал ешкісін беріп, адам қатарына қосып жіберген болатын. Міне бүгінде солардың ұрпақтарымен осы уақытқа дейін достық қарым-қатынастамыз",- дейді Ақылбай Ахметбай


Этономәдени бірлестіктердің мүшелері Ахметбай әулиетіне ағаштан жасалған қазақтың ою-өрнегімен нақышталған астауды сыйға тартты.

Ал, Ахметбай әулиеті қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін ұстай отырып, келген конақтарға құрмет көрсетіп ерлерге шапан жапса, келіншектерге орамал тарту етті.

Айта кетейік, бұл шара 1-Наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Шымкент қаласы Қазақстан халықы Ассамблеясының ұйытқысымен «Ықылас күні» аясында аталып өтті.