"Жаңа шаһарда" жерүсті өткелі ашылды

0
1 032

Құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді.


Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетсек, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын «ҚазНұр-констракшн» ЖШС-і жүргізген.

Жобалаушы – «Береке» ЖШС-і, техникалық қадағалаушы «Мир-Строй и Компания» ЖШС-і. Бұл жаяу жүргіншілер өткеліне жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы - 215, 768 млн. теңгені құрайды.

Шымкент қаласының әкімі Мұарт Әйтенов 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай арнайы жаяу жүргіншілер өткелінің лентасын қиды.