«Жастар бағдарламасы»: Шымкентте 2 мыңға жуық өтінім қаралып жатыр

0
1 238

Өтінімдердің нәтижесі 30 қыркүйекте айқындалады


«Жастар бағдарламасы»: Шымкентте 2 мыңға жуық өтінім қаралып жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Биыл Шымкент қаласында 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша қабылданған 1631 өтінімдер қазіргі таңда қаралуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаралым нәтижесі 30 қыркүйекте айқындалады. Азаматтар өтінім нәтижесін өздерінің жеке кабинетінен көре алады.

2022 жылдың 28 шілде күні сағат 09-00 ден 29 шілде күні сағат 19-00 аралығында Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау жүргізілді. Жұмыс істейтін және қажетті балл жинаған жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Еске сала кетейік, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба. Жастар 5 жыл көлемінде 5000-17000 теңге аралығындағы соммаға отбасы құрамына қарай 1 немесе 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұра алады.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:

- Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;

- Бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі керек;

- Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы тиіс;

- Ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы – 904 азамат, 2021 жылы – 300 азамат пәтермен қамтылған болатын. Биыл жастар бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 857 азаматқа арендалық тұрғын үйдің пәтер кілті табысталатын болады