"Жастар қауіпсіздік үшін": Шымкентте қамқорлық акциясы өтті

0
416

Бірлескен акция Абай ауданының Жаңаталап елді мекеніндегі Көкбұлақ тұрғын алабында өтті.


Шымкентте "Жастар қауіпсіздік үшін" акциясы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің Төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері "Жас Отан" жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірлескен акция Абай ауданының Жаңаталап елді мекеніндегі Көкбұлақ тұрғын алабында өтті. Құтқарушылар мен еріктілер Ағыбетата көшесінің жалғыз тұратын тұрғынына қамқорлық көрсетті.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті жыл басында "Жас Отан" жастар қанатымен, Жастар ресурстық орталығымен меморандум жасаған болатын. Осыған сәйкес бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері 300-ге жуық іс-шара өткізілді.
Төтенше жағдайлар өкілдері үй иелігін өртке қарсы ұстау бойынша ұсыныстар берді, күзгі-қысқы жылыту кезеңі қарсаңында пешпен жылытуды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін айтып, сигнализаторды орнатудың маңыздылығын еске салды.
Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарында түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін аудан әкімдіктерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мыңнан астам отбасы үшін өрт датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.