Жеңіс мерекесі күні Шымкент қаласында 64 сәби дүниеге келді

0
1 882

Олардың арасында егіз босанғандар да бар.​


Жеңіс мерекесі күні Шымкент қаласында  64 сәби дүниеге келді

9 мамыр - Жеңіс мерекесі күні Шымкент қаласында 64 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асxан Байдувалиев мереке күні босанған аналарды перзентxанаға арнайы құттықтап барды. Солардың бірі-Мөлдір Бекмаxан. Жас ана мереке күні егіздерді дүиеге әкелді. Жеңіс күні туылған шақалақтарын жас ана Алиxан және Алижан деп атапты.

Айта кетейік, мереке күні Шымқалада 31 қыз бала, 33 ұл бала туылған. Бұл күні өмірге ұрпақ әкелген аналар мегополисте ғана емес, еліміздің демографиясына да қомақты үлес қосқаны ақиқат. Олардың арасында «Алтын алқа" иелері де бар.