Жер мәселелері бойынша Бақытжан Базарбек семинар өткізеді

0
2 153

тәжірибесі мол кәсіби адвокат жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру туралы заңдық тұрғыда кеңес береді.


Жер мәселелері бойынша Бақытжан Базарбек  семинар өткізеді

Cыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Шымкент қаласында жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастар мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.
Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
- өз бетімен құрылыс;
- жер учаскелерін, шекара салу;
- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау
аймақтары;
- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.
Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз!
Қосымша мәліметті 8 (7252) 536067 нөмірі арқылы алуға болады. Семинар өтетін күні: 2018 жылы 31 қазан, сағат 14:00-де. Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қалалық оқушылар сарайы (Дворец школьников), Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысы.