«Жол жүру ережесін білесін бе?»: Шымкентте оқушыларға арналған ауқымды іс-шара өтті

0
1 949

Бұл іс-шараға барлық сыныптың оқушылары қатысқан.


«Жол жүру ережесін білесін бе?»: Шымкентте оқушыларға арналған ауқымды іс-шара өтті

Шымкенттік полицейлер бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізіп, жол ережелерімен таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның ювеналды полиция инспекторларымен Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына жол жүру ережесін түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізді.

Аталған іс-шара барысында ювеналды полиция испекторлары мектеп мұғалімдерімен бірге 1-4 сынып оқушыларына «Жол жүру ережесін білесін бе?» тақырыбында көрме суреттердің байқауын өткіді және көрме аясында оқушыларға жол жүру ережесін таныстыра отырып, жол белгілерін айыра білуге, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуге және жолда дұрыс жүруге үйретті.

Сондай-ақ, ювеналды полиция қызметкерлері және орта сынып оқушыларынан құралған «Жас жол инспекторларының» ұйымдастыруымен автокөлік жүргізушілеріне «Абайлаңыз, балалар!» атты жол жүру ережелері жазылған парақшалар таратылды.

Ал, жоғары сыныптың оқушыларына «Жол қозғалысы қатысушыларының мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, жолда өзін-өзі ұстау мәдениеті түсіндіріліп, іс-шараның соңы оқушыларға арналған флешмобқа ұласты.