Жомарт жандар 150 балаға қуаныш сыйлады

0
2 688

Жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады


Жомарт жандар 150 балаға қуаныш сыйлады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жомарт жандардың балаларға арналған шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жомарт жандардың балаларға» қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Аталған шарада аудандағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар, жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ, балаларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттарын табыстап, «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығында көңіл көтеруіне жағдай жасады.Балалар «Funky town» ойын алаңында ойнап, олардың құрметіне жайылған дастарханнан дәм татып, «Арсенал» кинотеатрында «Монстры на каникулах» мультфилімін тамашалады.

Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған шараға «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығы, «Mega Planet» ойын-сауда орталығы, «Имран» СҮ, «Орталық қырғы базар» ЖШС, «Жайлаукөл» демалыс аймағы, «Шымкент плаза» сауда үйі басшылары демеушілік жасады. Іс-шараға аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары, аз қамтылған отбасы балалары қатысты.