Жүлде қоры 3 млн: Шымкентте “Менің гүлді аулам” конкурсы басталды

0
714

Менің гүлді аулам - бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс.


Жүлде қоры 3 млн: Шымкентте “Менің гүлді аулам” конкурсы басталды

Шымкент қаласында “Менің гүлді аулам” атты конкурс басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Менің гүлді аулам - бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Байқау жеңімпаздары қомақты қаржымен марапатталады. Атап айтқанда,

1 орын - 3 миллион;

2 орын - 1 миллион;

3 орын - 500 мың теңге.

Байқау шарттары;

1. Ауланы көгалдандыру, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егу және оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасау, кесу (отырғызылған гүлдердің 25 %-ы қызғалдақ болуы қажет және қызғалдақ жанында көпжылдық гүлдер отырғызылу қажет);

2. Тұрғындардың аула аумағында көгалдандыру, абаттандыру, тазалық пен тәртіп сақтау, сенбілік жасау, ауланы эстетикалық безендіру жұмыстарына белсене қатысуы;

3. Құрғақ және зақым келген ағаштардың болмауы;

4. Абаттандыру (аула аумағын сырлау, бояу, кіре-берістің (подъезд) жағдайына да мән беру және т.б);

5. Фестивальдің жалпы тақырыбын ашу;

6. Аумақта атқарылған жұмыстар бойынша презентация және әлеуметтік бейнеролик;

7. Дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолдану;

8. Суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін табу;

9. Минералды тыңайтқыштарды қолдану;

10. Жалпы сметалық шығыс.

Өтінім 1 қазаннан бастап қабылдануда. Жеңімпаздар 2023 жылдың сәуір айында жарияланады. Аталған конкурсқа қатысу және толық ақпарат алу үшін @Visitshymkent парақшасынан немесе “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17, +7 702 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өтінім беру үшін: “visit-shymkent.kz” сайтына өтіңіз.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.