10 қарсыластың жетеуін сұлатқан қазақ боксшысы әлемнің бұрынғы чемпионымен спарринг өткізді

0
631

Қазір қазақ боксшысы Лос-Анджелесте.


10 қарсыластың жетеуін сұлатқан қазақ боксшысы әлемнің бұрынғы чемпионымен спарринг өткізді

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Дегенмен келесі кездесудің уақыты мен орны әлі белгіленбеген.

Қазір қазақ боксшысы Лос-Анджелесте. Жаттығу лагері барысында Абылайхан жартылай орта салмақта бұрынғы WBC чемпионы америкалық Виктор Ортиспен (32-6-3, 25 КО) спарринг өткізді. Ортис 2008 жылы ESPN тұжырымы бойынша болашағынан ең зор үміт бар боксшы атанған.

Қазақстандық боксшы әлемнің бұрынғы чемпионымен бірге түскен суретін Instagram желісінде жариялап, "Ортиспен тамаша жаттығудан кейін" деп жазыпты.