12 нокауты бар жеңілмеген қазақстандық Германияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

0
556

Қазақстандық 31 жастағы боксшы 2020 жылы бір жекпе-жек өткізіп үлгерді.


12 нокауты бар жеңілмеген қазақстандық Германияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

ERNUR.KZ. Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Германияда титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін. Мұның алдында кәсіпқой боксшы Vesti.kz тілшісіне рингке мамырда оралуы мүмкін екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Спорт порталының мәліметінше, қазақстандық 31 жастағы боксшы 2020 жылы бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, бұл кездесуде ол ганалық 29 жастағы Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.

Сондай-ақ, Кособуцкий былтыр қарашада хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.

Мамырдағы жекпе-жек тағдыры мен қарсыластың есімі кейін белгілі болады.

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.