12 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды

0
2 752

Жас спортшы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығады


12 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. БАЭ астанасы Абу-Даби қаласында өткен Abu-"Dhabi World Jiu-Jitsu Championship-2019"жарысында 12 жастағы қазақ спортшысы Жібек Құлымбетова бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол халықаралық жарыста 32 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Жас спортшы жеңіске қалай жеткенін өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

"Алланың қалауымен джиу-джитсу күресі бойынша екінші рет әлем чемпионы атандым! 5 қарсыласыма ауырту әдісін жасап, таза жеңіске жеттім. Маған қолдау көрсеткен, жанкүйер болған барлықтарынызға шын жүректен алғыс айтамын! Мені осы жарысқа дайындаған "Sagadat Batyr - QTT" клубының бапкерлеріне көп рахмет!", - дейді Жібек Құлымбетова өз парақшасында.

Сондай-ақ 12 жастағы спортшы қазақтың көк байрағын биікке көтере алғанына қуанышты екенін атап өтті.

"Еліміздін көк туын биікке көтере алғаныма қатты қуанамын! Аллаға мыңда бір шүкір! Қазақ елі жасай берсін!", - деді Жібек Құлымбетова.