18 сәуірде Шымкент дербиі өтеді

0
974

18 сәуір күні Қазақстан кубогының 1/8 финал кездесулері өтеді. Қызықты матчтардан бірі Шымкенттің қос командасы "Ордабасы" мен "Қыран" арасында болмақ


18 сәуірде Шымкент дербиі өтеді

18 сәуір күні Қазақстан кубогының 1/8 финал кездесулері өтеді. Қызықты матчтардан бірі Шымкенттің қос командасы "Ордабасы" мен "Қыран" арасында болмақ,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ойын өте тартысты өтеді деп болжайды мамандар. Себебі, шымкенттік футбол жанкүйерлері дербиге алғаш рет куә болады. Естеріңізге сала кетсек, "Ордабасы" премьер лигада 12 ұпаймен 3 - орында келеді. Георгий Дерменджиевтің шәкірттері өткен аптада сырт алаңда "Ақжайық" командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңіліп қалды. Ал, "Қыран" футболшылары бірінші лигада 12 ұпаймен көш бастап тұр. Матч 18 сәуір күні 16:00 де "Қажымұқан" стадионында өтеді.