2022 жылғы Азия ойындары кейінге шегерілді

0
589

Нақты қашан өтетіні кейінірек хабарланатын болды.


2022 жылғы Азия ойындары кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. 6 мамырда Ташкентте өткен Азия Олимпиада кеңесі Атқару комитетінің отырысында 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарын белгісіз мерзімге шегеру туралы шешім қабылданды, деп жазады zakon.kz.

Азия Олимпиада кеңесі 2022 жылғы 10-25 қыркүйек аралығында Ханчжоуда (ҚХР) өтуі тиіс Жазғы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеді.

Нақты қашан өтетіні кейінірек хабарланатын болды.

Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті жаһандық мәселелерге қарамастан, ойындарды белгіленген мерзімде өткізуге өте жақсы дайындалған. Алайда бұл шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайын және Ойындардың ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады.Азия Олимпиадалық кеңесінің баспасөз қызметі

19-Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады әрі ойындар сәтті өтеді, делінген Азия Олимпиадалық кеңесінің мәлімдемесінде.