33 жылда алғаш рет: Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды

0
305

А сериясының 33-турындағы матчте "Наполи" сырт алаңда "Удинеземен" 1:1 есебімен тең ойнады.


33 жылда алғаш рет: Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

А сериясының 33-турындағы матчте "Наполи" сырт алаңда "Удинеземен" 1:1 есебімен тең ойнады. Қонақтар сапында Виктор Осимхен гол соқса, алаң иелері сапында Санди Ловрич гол соқты.

Неаполитандықтар 80 ұпаймен кестенің бірінші сатысына орналасты. Турнирдің аяқталуына бес матч қалғанда клуб қуып келе жатқан "Лациодан" 16 ұпайға озып кетті.

Осылайша, Неаполь командасы 33 жылда алғаш рет Италия чемпионы атанды. Бұл "Наполидің" А сериясындағы үшінші жеңісі. Команда соңғы рет 1989/1990 жылғы маусымда ел чемпионы атанған болатын. Сол кезде клуб сапында шабуылшы Диего Марадона ойнады. Бұған дейін неаполитандықтар бір-ақ рет – 1986/1987 маусымында жеңіске жеткен.