А.Аймағамбетов жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

0
870

Универсиада қорытындысы бойынша спортшыларымыз жеті жүлделі орынмен оралды.


А.Аймағамбетов жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті, деп жазады Елорда Инфо.

Кездесу барысында министр жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне Алғыс хат табыс етті.

«Бүгін Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін көтеруге және қазақстандағы спортты дамытуға үлесін қосқан талантты жас спортшылармен кездесіп отырмыз. Еліміздің көк туын жоғары көтерген қазақстандық жас спортшылардың жеңісі қазақстандық спорт пен қазақстандық жастардың дамуына жарқын серпін береді. Мен біздің студенттеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жеңімпаз атанғаны үшін тағы да шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындары Италияның Неаполь қаласында өткен болатын. Оған әлемнің 118 елінен алты мыңға жуық студент қатысты. Біздің еліміздің абыройын 94 спортшы қорғап, Универсиада қорытындысы бойынша жеті жүлделі орынмен оралды. Жалпы командалық есепте Қазақстанның студенттік құрама командасы 25-ші орында, ел құрамасының қоржынында 7 медаль: 1 - алтын, 5 - күміс, 1 - қола.