Абат Айымбетов Ресей чемпионатының ең қымбат футболшылар тізіміне кірді

0
2 695

Ол тізімде екінші.


Абат Айымбетов Ресей чемпионатының ең қымбат футболшылар тізіміне кірді

ERNUR.KZ. "Крылья Советов" командасының қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттық футбол лигасындағы (ҰФЛ) ең қымбат футболшылар тізіміне кірді, деп жазады Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы комадаластары - Никита Чернов және Иван Сергеевпен бұл тізімде екінші орында. Үшеуінің трансферлік құны 1,5 миллион еуро.

Тізімде бірінші тұрған Антон Зиньковский де қазақстандық футболшының командаласы, оның трансферлік құны 2,5 миллион еуро.

ҰФЛ-дегі ең қымбат топ-5 ойыншы:
1. Антон Зиньковский ("Крылья Советов") - 2,5 миллион еуро;
2-4. Абат Айымбетов ("Крылья Советов") - 1,5;
2-4. Иван Сергеев ("Крылья Советов") - 1,5;
2-4. Никита Чернов ("Крылья Советов") - 1,5;
5. Александр Нойок ("Оренбург") - 1,1.