​ӘЧ-2018: Ресей плей-оффқа шықты

0
1 973

Үзілістен кейін стадионға жиналған жанкүйерлер 4 голға куә болды. 47-минутта мысырлық қорғаушы Фатхи күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып, голдар шоуын бастап берді.


​ӘЧ-2018: Ресей плей-оффқа шықты

ERNUR.KZ Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионаты турнир қожайындары үшін сәтті келді. Станислав Черчесовтың шәкірттері 2-турда Мысыр құрама командасының тас-талқанын шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айтулы матчта жарақатынан сауыққан Мохамед Салах алаңға шықты. Бұл африкалықтардың нәтижелі ойын көрсетуіне көмек берді. Бірінші таймда қос команданың футболшылары бірнеше рет гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады.
Үзілістен кейін стадионға жиналған жанкүйерлер 4 голға куә болды. 47-минутта мысырлық қорғаушы Фатхи күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып, голдар шоуын бастап берді. Бұл ресейліктерге күш болып, 3 минуттың ішінде қарсыластарының қақпасына екі гол соқты. 59-минутта Денис Черышев мүмкіндікті мүлт жібермеді. Осылайша ол Әлем чемпионатындағы 3-ші голын соғып Криштиану Роналдуге қақпаға кіргізген доп саны бойынша жетіп алды.
Араға 3 минут салып үлкен сахнаға Артем Дзюба шығып, есепті 3:0-ге жеткізді. Ал, Мысыр құрама командасының жетекші футболшысы Салах пенальтиден бір голдың қарымтасын қайтарды, есеп - 3:1. Ресей плей-оффқа жолдама алды. Ал, Мысыр құрамасы топтық кезеңнен соң үйіне оралатын болды.