Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

0
709

Ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды.


Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті, деп жазады 24.kz.

Ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.