Әділбек Жақсыбеков қазақстандық футболды басқаратын болды

0
1 305

Астанада Қазақстан Футбол федерациясының 16-кезектен тыс конференциясында Әділбек Жақсыбеков федерация төрағасы боп сайланды.


Әділбек Жақсыбеков қазақстандық футболды басқаратын болды

фото: prosports.kz

«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері – футбол клубтарының өкілдері, сонымен қатар, аймақтық футбол федерацияларының өкілдері Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын ұсынды. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ футболының ардагерлері мен белгілі сарапшылар Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасына қолдау білдірді. Онда оның әртүрлі мемлекеттік қызметтегі табысты еңбегі мен еліміздің ең басты футбол органын басқару тәжірибесі туралы айтылды» делінген федерация баспасөз қызметінің мәліметінде.


Федерацияның жаңа президенті төрт жылға сайланады.

Отандық аяқдоп федерациясының бұрынғы төрағасы Сейілда Байшақов қаңтар айының басында отставкаға кеткен болатын.