Агапова UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

0
565

Ол қарсыласын үш минутта жеңді.


Агапова UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC туы астындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз UFC on ESPN 10 турнирі аясында америкалық Ханна Сайферспен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жек әу баста бастапқы кардта өтеді деп жоспарланған, алайда кейін оны негізгі кардға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ұйымдастырушылар мұндай шешім шығарғанына еш өкінбегені сөзсіз. Өйткен қос файтер тамаша өнер көрсетті. Әлемдегі атақты промоушен аясында алғаш рет жұдырықтасып жатқанына қарамастан Агапова өзін оң қырынан көрсете білді. Кездесудің бар болғаны 2:42-минутында қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.