Ағылшындық клубтар қазақ футболына тегін пиар жасауда

0
1 439

Бұрындары да көкшетаулық "Оқжетпес" клубының формасын ағылшындық "Лестер" көшіріп алған еді.


Ағылшындық клубтар қазақ футболына тегін пиар жасауда

суреттер: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. "Тобыл" ағылшын клубына күтпеген пиар жасағаны үшін алғыс білдірді, деп жазады ERNUR.KZ vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Тобыл" футбол командасының директоры Николай Панин қостанайлық клубтың ойын формасының дизайны ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген "Уотфорд" клубымен бірдей болып шығуына байланысты пікір білдірді.


"Уотфорд" пен "Тобыл" клубтарының қонақта ойнайтын формасы барлық қырынан бірдей болып шыққан, алайда қазақстандық клуб бұл формамен наурыздан бері өнер көрсетіп келеді. Ал ағылшындық клуб АПЛ жаңа маусымында тек 12 тамызда алаңға шығып, "Брайтон" командасын 2:0 есебімен жеңген болатын.

"Қазақстандағы Adidas өкілінің бізге түсіндіру бойынша, форма таңдау - бұл әр команданың өз таңдауы. Ағылшындық клубтың дәлме-дәл осы форманы таңдауда аса бір қиындықтар жоқ. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Қостанайлық клуб бұл формаға эксклюзивті құқығы жоқ, сол себепті ағылшын клубына күтпеген пиар үшін алғыс білдіру ғана қалды", - деп жазады "Тобыл" баспасөз қызметі Паниннің сөзін.

Бұрындары да көкшетаулық "Оқжетпес" клубының формасын ағылшындық "Лестер" көшіріп алған еді.