Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан Барысы» атанды (видео)

0
979

Ерасыл Қажыбаев екінші, ал Руслан Әбдіразақов үшінші орынды жеңіп алды.


Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан Барысы» атанды (видео)
ERNUR.KZ. «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы белгілі болды, деп жазады ktk.kz.

Айта кетсек, жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шыққан болатын. Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асырды. Үшінші орынды Алматы қаласының атынан шыққан палуан Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Ол «қола» үшін финалдық тартыста елордадан келген Айбат Сейтеннен басым түсті. Биылғы турнирге барлығы 33 палуан қатысқан. Турнир жеңімпазы 25 миллион теңге ақшалай сыйлық пен арнайы алтын белдеу және «Тайтұяқ» олжасын алды. Екінші орын алған спортшы 5 млн 500 мың теңге, үшінші орын - 1 млн 800 мың теңге алды. Сонымен қатар, әрбір жеңіс үшін балуандарға 100 мың теңгеден берілді. Айбек Нұғымаров 2013 жылы да «Қазақстан Барысы» атанған болатын.