Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді

0
524

92 келі салмақта өнер көрсететін Айбек болгариялық боксшы Радослав Панталеевпен жұдырықтасты.


Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ташкенттегі әлем чемпионатындағы алғашқы айқасын өткізді, деп жазады vesti.kz.

92 келі салмақта өнер көрсететін Айбек болгариялық боксшы Радослав Панталеевпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді. Ал бірінші раундта Айбек қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік.

Енді 1/16 финалда Айбек Оралбай италиялық боксшы Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі. Ол өткен әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленген; сонымен бірге, ол Еуропа чемпионы, Еуродақ чемпионы және Орта теңіз ойындарының екі дүркін жеңімпазы.

Ал қазақстандық боксшы 2022 жылы Азия чемпионы атанған және жастар арасындағы Олимпиаданың жеңімпазы (2018).