Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты ақпарат тарады

0
378

Екі аптадан кейін қазақ боксшының денсаулығы жақсара бастаған.


Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты ақпарат тарады

ERNUR.KZ. ESPN арнасының сарапшысы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) қатысты жақсы жаңалық айтты, деп жазады vesti.kz.

Өзінің мәлімет көздеріне сүйенген ол Айдостың медикаментозды комадан шығып, ес жиып жатқанын хабарлады.

Екі аптадан кейін қазақ боксшының денсаулығы жақсара бастаған. Рафаэльдің сөзінше, Айдос қазіргі таңда сөйлей алатын деңгейге жетіпті және жүруге талпыныс жасаған екен.