Әйгілі Лондон марафоны қазан айында ұйымдастырылады

0
478

Жарыс Сент-Джеймс саябағындағы айналма тас жолда, қауіпсіз ортада ұйымдастырылады.


Әйгілі Лондон марафоны қазан айында ұйымдастырылады

ERNUR.KZ. 2020 жылғы Лондон марафонын ұйымдастырушылар қала билігімен ақылдаса келе, Virgin Money марафонын 4 қазанға белгіледі. Алайда, марафон тек элиталық жарыс ретінде өткізіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс Сент-Джеймс саябағындағы айналма тас жолда, қауіпсіз ортада ұйымдастырылады.

Марафонды тамашалауға көрермендер жіберілмейді. Бірақ ВВС Sport арнасы сегіз сағаттық доданы тікелей эфирде көрсетеді.


«Бірнеше ай бойы біз түрлі нұсқаларды қарастырдық. Спортшылардың, демеушілердің, еріктілер мен дәрігерлердің мүддесі де ескерілді», - дейді марафон директоры Хью Брашер.


Марафон туралы толық ақпарат осы айдың соңында хабарланады.