Айнала қан болды: ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді (видео)

0
796

​Ресейлік Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліс тапты.


Айнала қан болды: ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда аралас жекпе-жектен Absolute Championship Akhmat 102 турнирі өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Турнир барысында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов (15-5) пен 44 жастағы ресейлік Венер Галиев 30-11) кездесті.


Галиевтің жеңіске жетуіне жасы кедергі болмады. Ол екінші раундта қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.

Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліп отыр.

Бұл турнирде ресейлік Беслан Ушуков (17-3) пен Альберт Туменов (21-4) жекпе-жек өткізген болатын. Туменов Ушуковты нокаутқа түсірді.