​АҚШ-та WBC титулы үшін айқасатын қазақстандық нокаутшы салмақ өлшеуден өтті

0
1 074

Бокс біздің уақыт бойынша 9 желтоқсанда таңертең болады.


​АҚШ-та WBC титулы үшін айқасатын қазақстандық нокаутшы салмақ өлшеуден өтті

ERNUR.KZ. Ертең Остин қаласында (АҚШ, Техас штаты) Қазақстан өкілдері де қатысатын бокс кеші болады, деп жазады ҚазАқпарат.

21 жастағы Искандер Харсан (4-0, 4 КО) 19 жастағы америкалық Хорхе Рамоспен (6-0-1, 3 КО) екінші жеңіл салмақта жастар арасында WBC Intercontinental титулы үшін жекпе-жекке шығады. Айқас 8 раундтқа есептелген.

Екінші қазақстандық 24 жастағы Асхат Жантұрсынов (2-0, 2 КО). Оның қарсыласы жергілікті боксшы Майкл Коронадо (1-1-1) болмақ. 4 раундқа созылатын бұл жекпе-жек бірінші ауыр салмақтағылар арасында өтеді.

Біздің отандастарымыз жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуден өтті.

Айта кетсек, бокс біздің уақыт бойынша 9 желтоқсанда таңертең болады.