"Ақтөбенің" бұрынғы бас бапкері жұмыссыз қалды

0
429

41 жастағы Бага Қазақстанда "Ақтөбе" командасын жаттықтырған болатын.


ERNUR.KZ. Беларусь маманы Алексей Бага "Сумгаит" командасының бас бапкері қызметінен қуылды. Бұл туралы әзірбайжандық команданың ресми сайты хабарлады, деп жазады vesti.kz.

Бапкермен келісімшарт бір жақты келісім бойынша бұзылған.

"Сумгаит" Әзірбайжан чемпионатының жеті турынан кейін төрт рет жеңіліп, үш мәрте тең ойнап, үш үпаймен он команданың ішінде сегізінші орында келеді.

Айта кетейік, 41 жастағы Бага Қазақстанда "Ақтөбе" командасын жаттықтырған болатын. Бірақ, 2021 жылдың басында отставкаға кетті.

Сонымен қатар ол өз карьерасында беларуссиялық БАТЭ, "Шахтер" (Солигорск) және литвалық "Жальгирис" командаларын жаттықтырған.