«Ақжайық» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

0
1 241

«Ақжайық» биыл премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатында соңғы орын алғандықтан, бірінші лигаға түсіп қалған болатын. Алдағы маусымда премьер-лигаға қайта шығу үшін күресетін болады.


«Ақжайық» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

ERNUR.KZ. Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева жаңа басшыны ұжымға таныстырды.

Азамат Ерболұлы көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, «Ақжайық» футбол клубы үшін бөтен адам еместігін, оны жаңа деңгейге көтеруде бірлесіп қызмет ететінін жеткізді. Азамат Ерболұлы «Намыс» спорт клубы мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, сондай-ақ «Ақжайық» спорт клубында самбо күресі жөніндегі спортшы, «Ақжайық» допты хоккей командасының бастығы, бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан бері «Ақжайық» спорт клубының директоры болды. Айта кетейік, «Ақжайық» биыл премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатында соңғы орын алғандықтан, бірінші лигаға түсіп қалған болатын. Алдағы маусымда премьер-лигаға қайта шығу үшін күресетін болады.