Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде жүлдегер атанды

0
693

Бұған дейін Алан 17 жастағы теннисшілер арасында чемпион атанған болатын.


Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Джеззинде (Ливан) WTT Youth Contender Jezzine үстел теннисі турнирі аяқталды, деп жазады vesti.kz.

15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. 16 жасар алматылық Абдулла Мамай ширек финалға шыға алды.

Бұған дейін Алан 17 жастағы теннисшілер арасында чемпион атанған болатын. Осылайша, Аланның активінде екі медаль бар.