Алексей Полторанин Олимпиада чемпионынан озды

0
1 018

Шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орын алды,-деп хабарлайды prosports.kz.


Алексей Полторанин Олимпиада чемпионынан озды

фото: prosports.kz.

Шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орын алды,-деп хабарлайды prosports.kz.

Олимпиада ойындарынада ел үмітін ақтай алмаған Алексей осы жолы 15 шақырым қашықтықта шаршау дегенді білген жоқ. Мәреге 33 минут 11,9 жеткен отандасымызға Пхенчхан Олимпиадасының жеңімпазыдары да ілесе алмады.

Полтораниннің соңын ала көмбеге Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Александр Большунов жетті (9,1). Ал Олимпиада жеңімпазы, жергілікті спортшы Иво Нисканен үшінші болып келді (+20.9).