Әлем чемпионатында ерекше жағдай орын алды

0
523

Енді Е тобының келесі матчі 27 қараша күні өтеді.


Әлем чемпионатында ерекше жағдай орын алды

ERNUR.KZ. Футболдан Коста-Рика құрамасы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Испания командасына (0:7) ірі есеппен ойсырай ұтылды, деп жазады vesti.kz.

"Спорт Экспресс" басылымының мәліметінше костарикалықтар матч барысында қақпаға бірде бір соққы жасамаған. Бұл мундиальдарда 1966 жылдан бері статистика жүргізіле бастаған уақыттан бері тек екінші рет болып отырған жағдай.

Осыған дейін 1990 жылы әлем біріншілігінде Бразилия мен Коста-Рика кездесуінде костарикалық ойыншылар қарсылас қақпасына соққы жасамаған.

Енді Е тобының келесі матчі 27 қараша күні өтеді. Сол күні Испания мен Германия кездессе, екінші жұпта Жапония мен Коста-Рика өзара мықтыны анықтайды.