Әлем чемпионатында ұрланған велосипедтер табылды

0
610

23 қазанда велотректегі әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін 2021 жылғы әлем чемпиондары Италия құрамасының 20 велосипеді жоғалып кетті.


Әлем чемпионатында ұрланған велосипедтер табылды

ERNUR.KZ. Румынияның құқық қорғау органдары рейд барысында Франциядағы әлем чемпионатынан ұрланған спорттық велосипедтерді тауып алды, деп жазады Zakon.kz.

23 қазанда велотректегі әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін 2021 жылғы әлем чемпиондары Италия құрамасының 20 велосипеді жоғалып кетті. Ұрланған дүниенің жалпы құны – 600 000 еуро.

Бір аптадан кейін Румынияның батысындағы Галац қаласының полициясы велосипедтерді заңды иесіне қайтарды. Жоғалып, қайта табылған велосипедтердің ішінде әлем чемпионы Филиппо Ганнаның алтын түсті Pinarello-сы бар.