Әлем кубогы-2022: Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы тағы екі медаль ұтып алды

0
713

​Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогы өз мәресіне жетіп қалды.


Әлем кубогы-2022: Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы тағы екі медаль ұтып алды

ERNUR.KZ. Соңғы күні Қазақстан командасы топтық жаттығуларда тағы да бір медаль еншіледі, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық команда доп/лента жаттығуында күміс және құрсаумен жаттығуда қола медаль ұтып алды.

Қазақстан құрамасы сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Айта кетелік, кеше біздің спортшылар көпсайыста қола медаль жеңіп алды.