Әлем күткен Токио Олимпиадасы көрермендерсіз өтуі мүмкін

0
562

Жапония халқының басым бөлігі Токио Олимпиадасын 2021 жылғы жазда өткізу туралы шешімді қолдамайды.


Әлем күткен Токио Олимпиадасы көрермендерсіз өтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарын көрермендердің қатысуынсыз өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады kaz.nur.kz.

Бұл туралы комитет басшысы Томас Бах NHK News басылымына берген сұхбатында айтып берді.


"Олимпиаданы қауіпсіз жағдайда өткізу үшін қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз", – деп мәлімдеді ұйым басшысы.


Оның айтуынша, халықаралық шекаралардың жабылуы да жағдайды қиындата түсуде.

Бұған дейін Жапония халқының басым бөлігі Токио Олимпиадасын 2021 жылғы жазда өткізу туралы шешімді қолдамайтыны белгілі болды. Ұйымдастыру комитеті коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, дүбірлі доданың тағы да кейінге шегерілу мүмкіндігін жоққа шығармайды.