Әлемдегі үздік боксшылардың рейтингі жаңарды: Головкин төртінші орында

0
541

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин төртінші орынды иеленіп тұр. Орта салмақта IBF және IBO чемпионының еншісінде 811,1 ұпай.


Әлемдегі үздік боксшылардың рейтингі жаңарды: Головкин төртінші орында

ERNUR.KZ. Boxrec порталы салмақ санаты еленбейтін әлемдегі үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады 24.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин төртінші орынды иеленіп тұр. Орта салмақта IBF және IBO чемпионының еншісінде 811,1 ұпай.

Бірінші орынды WBA Super және WBC Franchise орташа салмақтағы чемпионы, мексикалық Сауль Альварес сақтап қалды. Ауыр салмақтағы WBC чемпионы, соңғы жекпе-жегінде америкалық Деонтей Уайлдерді жеңген Тайсон Фьюри рейтингте екінші орынға көтерілді.

Қазіргі уақытта Тайсонда 1022 ұпай бар. Үшінші орында WBC және IBF салмақ бойынша чемпионы, американдық Эррол Спенс. Қазіргі уақытта бұл боксшыда 825,6 ұпай бар.