Әлімханұлы нокаутпен жеңістен кейін IBF рейтингінің ТОП-15 тізіміне кірді

0
659

Бұл ұйымның чемпионы өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин.


Әлімханұлы нокаутпен жеңістен кейін IBF рейтингінің ТОП-15 тізіміне кірді

ERNUR.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханулы (8-0, 4 КО) нокаутпен жеңістен кейін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) ТОП-15 рейтингіне кірді, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы жекпе-жегінде қазақ боксшы АҚШ-тың Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірген.

Осылайша, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Бұл жетістік арқасында Әлімханұлы IBF рейтингіне кіріп, 15 орынға жайғасты. Бұл ұйымның чемпионы өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО).