​"Алтын қолғап" иеленген қақпашыға футбол ойнауға тыйым салынды

0
1 351

Ол "Реал" сапындағы ойындарымен белгілі.


​

ERNUR.KZ. "Порту" қақпашысы Икер Касильясқа футболшы карьерасын аяқтауға тура келеді. AS басылымына берген сұхбатында кардиолог дәрігер Хуан Антонио Корбалан осындай пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.


1 мамырда футболшы жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылды. Өзін жаттығу кезінде нашар сезінген футболшыға ота жасалды. Қақпашы маусым аяғына дейін ойын алаңына шыға алмайды.

Дәрігердің сөзінше, голкипер коронарлы стент диагнозымен ары қарай футбол ойнай алмайды. "Икер қалыпты өмір сүре алады, бірақ, спортпен кәсіпқой деңгейде айналыса алмайды", - дейді кардиолог.

Футболшының өзі Twitter желісінде, жаңдайы оңалғанын жазып, жанкүйерлеріне қолдау үшін алғысын білдірді.