​Альварес келесі кездесуін Головкиннің "екінші үйінде" өткізеді

0
1 035

Айта кетейік, WBC президенті Маурисио Сулейман Головкиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін мәлімдеді.


​Альварес келесі кездесуін Головкиннің

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін алдағы жоспарларын нақтылады, деп жазады sputniknews.kz.

Golden Boy промоутерлік компаниясының матчмейкері Роберт Диас Альварес 15 қыркүйек күні Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында жұдырықтасатынын хабарлады. Оның қарсыласы канадалық Давид Лемье болуы мүмкін.

"Канело" Нью-Йоркте алғаш рет жұдырықтасқалы жатыр. Ал Геннадий Головкин үшін "Мэдисон Сквер Гарден" таңсық емес. Қазақстандық боксшы негізгі аренада үш және "шағын" Madison Square Garden Theater аренасында екі жекпе-жек өткізді. 2017 жылы Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек алдында Головкин тіпті "Мэдисон Сквер Гарден" өзінің екінші үйі болып кеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, WBC президенті Маурисио Сулейман Головкиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін мәлімдеді.

"Канело" белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетінін білдірді", — деп атап өтті Сулейман.