Америкалық файтердің Рахмоновпен айқастан бас тартуының шын себебі айтылды

0
464

Мұның алдында UFC басшысы Дана Уайт Рахмонов - Мухаммад жекпе-жегін ойластырып жатқанын мәлімдеген болатын.


Америкалық файтердің Рахмоновпен айқастан бас тартуының шын себебі айтылды

ERNUR.KZ. UFC-де өнер көрсететін америкалық Белал Мухаммад (22-3-0-1) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (17-0) жекпе-жектен мән көрмей тұрғанын айтқан еді, деп жазады vesti.kz.

Мұның алдында UFC басшысы Дана Уайт Рахмонов - Мухаммад жекпе-жегін ойластырып жатқанын мәлімдеген болатын. Белал рейтингте төртінші келеді, ал Рахмонов алтыншы орында.

"Белалға Шавкатпен айқасу қауіпті. Оның мерзімінен бұрын жеңген қарсыластары аз. Ал қазақстандық болса әмбебаптығымен де мықты. Бұл оның негізгі басымдығы.

Рахмонов жас екенін де ұмытпау керек. Ол қазір бабында, алдағы бір-екі жылда ең жоғары деңгейде айқасады. Ал Белалдың онымен жұдырықтаспау шешімі орынды. Қазіргі таңда Шавкат дивизиондағы көптеген қарсылас үшін қауіп тудырады", - дейді Смит.