"Анам кәріс": Бивол шыққан тегі туралы айтты

0
420


ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгеннен кейін шыққан тегі туралы айтып берді, деп жазады vesti.kz.

"Қай жерде туғанымды, шыққан тегімді ұмытпауға тырысамын. Қырғызстанды ұнатамын. Мен үшін Қырғызстан мен Ресей арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қырғызстанда тудым. Анам кәріс, әкем молдован. Ал мен орысша сөйлеймін", - дейді DROZD PODCAST арнасы Биволдың сөзін келтіріп.

Еске салайық, мамыр айында АҚШ жеріндегі бокс кешінде Бивол мен "Канело" қолғап түйістіріп, ресейлік былғары қолғап шебері ұпай саны бойынша жеңіске жетті.