​Ардагерлер футбол турнирі қыза түсті

0
906

Турнир кестесінде жоғары орында келе жатқан «Айжарық» командасы «Сайрам» ұжымына қарсы алаңға шықты.


​Ардагерлер футбол турнирі қыза түсті

Әуесқой футбол лигасының (LLF) дәстүрлі чемпионатының ойындары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

3 қараша күні турнирдің 2 – айналымының 14 – тур ойындары өтті. Турнир кестесінде жоғары орында келе жатқан «Айжарық» командасы «Сайрам» ұжымына қарсы алаңға шықты. Ойынға сайрамдықтар тыңғылықты дайындалып келгені олардың шабуылынан да белгілі болды. Матчтың басында «Айжарық» футболшылары пенальтиден гол соға алмағаны қарсыластарының жеңіске деген сенімін асқақтатты.
Нәтижесінде сайрамдықтар 4:2 есебімен басым түсіп 3 ұпай иесіне айналды. Ал, «Айжарық» командасы қатарынан екінші кездесуде ұпайсыз қалды. «Құлагер» мен «Арыс» ұжымдарының ойынында бір команданың футболшылары қақпаға гол соқты. Мұнда «Құлагер» 5:0 есебімен басым түсті.
Өзге ойындардың нәтижелері төмендегідей: «Сұңқар» - «Ардагер» - 0:0, REAL Шымкент – «Арыс» - 0:1, «Экотон» - «Шымқала» - 5:1, «Атакент» - "Мелиоатор" – 3:1, «Достық» (Сарыағаш) – «Темірлан» - 1:4.